Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Қазақстаннан шығарып жіберу керек»: Тұрсынбек Қабатов ажырасқаны үшін айтылған сынға жауап берді

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов концертінде жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, ажырасқаны үшін өзіне айтылған сынға астарлы әзілмен жауап берді, деп хабарлайды paryz. kz.

«Қазақстаннан шығарып жіберу керек»: Тұрсынбек Қабатов ажырасқаны үшін айтылған сынға жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі сахнада көрермендерге қарата сөйлеп, қоғамның жеке өміріне қатысты көзқарасын әзілге қосты.

«Дариға Бадықова мен Баян Алагөзова күйеуге шыққанда қалай күшті етіп жаздыңыздар. Мен де қазір әйеліме той көйлегін кигізіп қойып, осы жерге шығып, той жасайыншы. Бітті ғой: "Оңбаған, осының концертіне кім барып жатыр? Бойкот, ешкім бармасын, Қазақстаннан шығарып жіберу керек", – деп айтады. Жандарым, тығылып келіп отырған сіздерге рақмет», – деді ол.