Әзілкеш Мансар Орынхан отбасындағы жағдайға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, отбасын сақтап қалу үшін бар күшін салып жүргенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Бұған дейін әзілкештің жұбайы Нұрайым Халила әлеуметтік желіде жан сырын ақтарып, күйеуінің бірнеше күннен бері үйге келмей, өзімен байланысын үзгенін мәлімдеген еді.
Оның айтуынша, бұл жағдай алғаш рет қайталанып отырған жоқ. Жұбайының жазбасынан кейін Мансар Орынхан да үнсіз қалмай, отбасын өзі үшін ең үлкен байлық санайтынын жеткізді.
«Ешқандай отбасы ажыраспасын, балалар жетім қалмасын! Алладан тек соны тілеймін. Менің ең үлкен байлығым — менің отбасым. Оны дәлелдемесем де, бәрі белгілі. Менің отбасыма менен артық ешкімнің жаны ашымайды және жақсы көрмейді. Әйелімді маған қарсы айдап салып жатқан кейбір адамдар, қандай жиіркенішті едіңдер! Мен отбасымды сақтап қалу үшін барлығын жасаймын. Жасап та жүрмін!», деді ол.