Өзінен алты жас кіші Арсен есімді жігітке тұрмысқа шыққан жайдарманшы блогер әрі жайдарманшы Мереке Қалбаева енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның сөзінше, бастапқыда екеуінің арасында түсініспеушіліктер көп болып, бір-бірін бірден қабылдай алмаған. Алайда уақыт өте келе аралары жақындасып, бүгінде құрбыдай араласа бастаған.
Мереке Қалбаеваның айтуынша, енесі өзінен небәрі 13 жас үлкен. Соған қарамастан, отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінде екеуіне ортақ тіл табысу оңай болмаған.
«Шынымды айтсам, енемді бірден жақсы көріп кеткен жоқпын. Енем де мені бірден қабылдаған жоқ. Басында түсініспеушіліктер өте көп болды. Біз тіпті бет сүйісіп те амандаспайтынбыз. Мен сүйгім келетін, ал енемнің амалсыздан сүйіп амандасатынын сезетінмін. Қазір екеуміз құрбымыз десек те болады», – дейді блогер.