Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады

Әнші Меруерт Түсіпбаева жақында әлеуметтік желіде өзіне берілген атақтар мен мемлекеттік марапатқа ұсынылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Сонымен қатар әнші 55 жас мерейтойына орай орденге ұсынылғанын, алайда кейін бір адамның шешімімен марапатқа лайықсыз деп танылып, тізімнен шығарылғанын жеткізді.

Меруерт Түсіпбаева бұл жағдайға қарамастан, көңіліне алмағанын аңғартып, өзін тізімнен алып тастаған адамға әлеуметтік желідегі видеосы арқылы жауап бергенін жазды. 

«Жақында жаңбырдай жауған атақтар туралы маған көп сұрақ келді. «Қазаншының еркі бар» – менің жауабым. «Еңбек сіңірген қайраткер» атағы сол кезеңде «Халық әртісі» атағына жақын еді. Өйткені ол кезде «Халық әртісі» атағын мүлдем алып тастаған болатын. Маған бұл атақ 2014 жылы бұйырды. Шүкір! Жақында 55 жас мерейтойыма орай орденге ұсынылып едім. «Лайықсыз» деп мені бір мықты сызып тастапты. Ештеңе етпейді, иә? Сіз қалай ойлайсыз? Бүгін мен осы видеомен мені сызып тастаған адамға жауап бердім!» – деп жазды әнші.