Төреғали Төреәлі қызы Кәусардың ем қабылдап жатқан дәрігеріне бір миллион теңге көлемінде сыйақы берді. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Желіде тараған видеодан әншінің қызы ем алып жатқан орталыққа арнайы барғанын көруге болады.
Кездесу барысында Төреғали Төреәлі бірнеше ән орындап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған.
Әнші қызына арнап әлеуметтік желіде жазба жариялап, оған деген тілегін өлең жолдарымен жеткізген.
«Жанары тұрған шіркін жанып оттай, Бөбектерді шетелге қамырлаттай. Бір күнде бұйрық келіп Жаратқаннан, Барлық бала кетсе екен сауып аттай!» – деп жазды Төреғали Төреәлі.
Сондай-ақ әнші қызының ем-домына атсалысып жүрген дәрігерге алғыс ретінде ақшалай сыйлық табыстаған.
Көпшілік Кәусардың тезірек сауығып, денсаулығының жақсаруына тілектестік білдіріп жатыр.