Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Мысықша туа береміз»: әнші Бақыт Тұрман әкесіз өсіп жатқан балалар мәселесін көтерді

Әнші Бақыт Тұрман қыз-жігіттерге үндеу жасап, бала тәрбиесі мен отбасылық жауапкершілік мәселесін көтерді. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ер азаматтарды әкелік міндетіне жауапкершілікпен қарауға шақырса, қыз-келіншектерге де бала сүю мәселесін мұқият ойлануға кеңес берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мысықша туа береміз»: әнші Бақыт Тұрман әкесіз өсіп жатқан балалар мәселесін көтерді
Фото: әлеуметтік желіден

«Жігіттерге айтарым, сіздер өздеріңізді ар-намысы бар, ұяты, күш-жігері бар мықты ер азамат деп санайтын болсаңыздар, өз ата-бабаларыңыздың жолын жалғаушы, жанұяңыздың жалғастырушысы ретінде сізге берілген ұрықты айдалаға шаша бермеңіздер! Және әрбір өзіңізден шыққан ұрыққа жауапты екеніңізді әрқашан ұмытпаңыздар! Мынау не деген сұмдық? Әрбір әйелде еркектен қалған балалар әкесіз жүр», – деді Бақыт Тұрман.

Сонымен қатар әнші қыз-келіншектерге де үндеу жасап, баланың әкесі кім болатынын және оның болашағын алдын ала ойластыру керегін айтты. 

«Ал, қыздарға айтарым одан да қатты. Бір апамыз "Салақтықтан туып жатқан бала" деп айтқан. Салақтықтан баланы туып қалмаңыздар! Кімнен туып жатқаныңызды, кімнің ұрпағын көбейтіп жатқаныңызды өзіңізден сұраңыз. Сіздің туып жатқан балаңыз сол адамның ұрпағын жалғастыруға керек пе деп бірінші сұраңызшы. Біз бәріміз жаратылысымыз сондай болған соң мысықша туа береміз. Бірақ ол сіздің ахуалыңызды көтере ме? Сіз кім үшін туып жатырсыз? Соны көп ойланыңыздар», – деді әнші.