Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

«Маған иттік жасағанына қатты налыдым»: Дархан Мұсаев Дариға Бадықова туралы айтты

Дархан Мұсаев Дариға Бадықованың Олжас Абайға тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Маған иттік жасағанына қатты налыдым»: Дархан Мұсаев Дариға Бадықова туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Актер НТК арнасындағы «Не дейді» бағдарламасына қатысып, бұрынғы жұбайының жаңа өмір бастағанына көзқарасын айтты.

Дархан Мұсаевтың сөзінше, ол Дариға Бадықованың үйленгенін әлеуметтік желіден көрген. Актер бұл жаңалыққа байланысты ерекше сезімде болмағанын жеткізді.

«Адамзат үш нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесліні айтайын. “Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым. Ал былай Аллаға аманаттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын. Мен 16 жасымда анамнан айырылған адаммын. Әйел үшін жанымды ауыртып, ауырып қалатын адам емеспін. Сол үшін Аллаға аманаттадым. Жолы ашық болсын, аман болсын. Әлеуметтік желіден көрдім. Соқырдың өзі көретіндей тарап жатыр ғой. Ешқандай сезімде болған жоқпын», – деді актер. 

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың шаңырақ көтергені туралы ақпарат тараған болатын.