Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның жүкті болуы мүмкін екені әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Желі қолданушыларының бұлай топшылауына тележүргізушінің әлеуметтік желідегі соңғы видеосы себеп болған. Көпшілік оның келбеті мен киіміне назар аударып, жүктілік белгілерін байқағанын жазды.
«Аяғы ауыр сияқты», «Динара жүкті кезінде сұлу болып кетіпті», «Жүктілік ерекше жарасады екен», «Екіқабат әйел екеніңіз, жерік екеніңіз көрініп тұр. Өзіңізге көңіл бөліңіз, абай болыңыз, сақтаныңыз», «Динара, аман-есен аяқ-қолыңызды бауырыңызға алыңыз! Алла жеңілдігін берсін! Сіз үшін қуаныштымын!» – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, әзірге Динара Сатжан өзінің жүкті екенін айтқан жоқ. Сондықтан желіде тараған бұл пікірлер әзірге сыбыс күйінде қалып отыр.