Әнші Луина екінші сәбиін дүниеге әкелді. Екінші рет ана атанып, ұлына Дени есімін қойды, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, босану сәтінен бірнеше сурет жариялады.
Сондай-ақ жаңа туған ұлына Дени есімін қойғанын айтты.
Әріптестері, достары мен тыңдармандары әншіні құттықтап, сәбиге зор денсаулық, отбасына амандық тіледі.