Продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әншінің Қызылордадағы концертіне қатысты жағдайды түсіндірді. Концерт кейінге шегерілген болатын, деп хабарлайды paryz.kz.
Гүлзира Айдарбекова продюсер ретінде Қайрат Нұртастың Қызылордадағы концертіне қатысты көптеген сұрақ келіп түсіп жатқанын айтты. Ол жағдайды түсіндіріп өтті.
"Шымкенттегі жағдайға байланысты, Қызылорда қаласындағы билет сатылымы тоқтатылған болатын. Аллаға шүкір, бәрі орнына келіп, кеше Қызылорда қаласы бойынша сатылым ашылды. Осыған дейін түрлі сұрақтармен, концерттің анық боларын сұрап тоқтамай хабарласқандарға жауап болсын. Бұрын билет алғандар, сол билетімен кіре алады. 20 қазанда Қызылорда күтіңіздер!" - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.