Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

«Мықтыларды мысқылдап...»: Гүлзира Айдарбекова кәсібіне сын айтқан маманға жауап берді

Продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін және өзге де танымал өнер иелерін кәсіпкерлік қызметіне қатысты сынаған маманға жауап берді. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында өзгелердің ісінен мін іздегенше, әркім өз кәсібін дамытуға көңіл бөлуі керектігін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мықтыларды мысқылдап...»: Гүлзира Айдарбекова кәсібіне сын айтқан маманға жауап берді
Коллаж: paryz.kz

Бұған дейін әлеуметтік желіде бір маман қазақстандық танымал тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне қатысты пікір білдіріп, бірқатар жұлдыздың бизнесін сынға алған. Оның айтуынша, кейбір танымал адамдар өз есімдерінің танымалдығына сеніп, қызмет көрсету сапасы мен тазалық мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмейді.

Маманның сынына Гүлзира Айдарбекова, Жазира Байырбекова және Аша Матайдың кәсіптері іліккен. Ол танымал тұлғалардың атымен жұмыс істейтін бизнес орындарында сапа бірінші орында тұруы керектігін атап өткен. Өз кезегінде Гүлзира Айдарбекова сын айтқан маманға әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жауап берді.

«Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты дегендей, ақылшы болып елді таңғалдырып, атағы бар адамдардың артынан сөйлеп, хайп жинап, подписчик көбейтпей-ақ қойшы. Біздің дүкеннің тазалығындай дүкен ашып, жасап көр алдымен», – деп жазды продюсер.

Сондай-ақ ол өзгелердің кемшілігін іздеп, танымал адамдарды сынау арқылы аудитория жинауға тырысудың орнына, сын айтушы өз ісін дамытып, жетістігін көрсетуі керек екенін жеткізді.

«Сен өзіңнің анаңның жасаған іскерлігімен, өз ісіңмен мақтан, соларды көрсетіп мықты болсаң. Мықтыларды мысқылдап, керексіз жерге тұмсығыңды тығып тіміскіленіп, өзіңді жарнамалап, өсегіңмен мықты болып көрінбей», – деп түйіндеді Гүлзира Айдарбекова.