Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

«Мейірімсіз жан!»: Ердос Қанаев итін қағып өлтірген адамға ренішін білдірді

«Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев белгісіз біреудің итін көлікпен қағып өлтіргенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Әнші жануардың өлімі өзіне ауыр тигенін жеткізді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мейірімсіз жан!»: Ердос Қанаев итін қағып өлтірген адамға ренішін білдірді
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесі бұл туралы жеке парақшасында жазды. Оның сөзінше, иттің көз алдында қаңсылап өлгені жанына батқан.

«Иә, мен сондаймын енді. Жанашырлық болар, мейірімділік болар. Біреуге күлкілі болар. Паблик парақшалар да жерден жеті қоян тапқандай жарысып жазар. "Мынаған не болды итті жоқтап" дейтіндер де табылар қазір. Бірақ көз алдыңда қаңсылатып, өлтіріп кеткені ауыр тиді», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Ердос Қанаев иттің адамға деген адалдығын атап өтіп, кейде жануарлардың бойынан адамдарда кездесе бермейтін қасиеттерді байқайтынын айтты.

«Жеті қазынаның бірі деп те бекер айтпаған. Ит байғұсқа берілген үлкен бір нығметі иесіне адал болуы екен. Кейде адамнан осы қасиет кеткенде, осы бір хайуанның адалдығын көріп, ішімнен таңдай қағатынмын. Неткен адалдық?» – деді ол. 

Әнші иттің кейде көңілі түсіп, ауыр ойға батқан сәттерде жанына келіп, үнсіз жұбатқандай әсер қалдыратынын да жазды. Жазбасының соңында Ердос Қанаев жануарға мейірімсіздік танытқан адамға ренішін білдірді.

«Мейірімсіз жан! Есік алдымнан әлі талай өтерсің. Сол кезде қандай сезімде болар екенсің?» – деп түйіндеді әнші.