Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың Қызылорадада өткен концертінен видео тарады. Бейнежазбадан көрермендердің бірі сахнада ән шырқап тұрған өнерпаздың тура бетіне қарай сөмке лақтырғанын көруге болады, деп хабарлайды paryz.kz.
Әнін аяқтаған соң әнші сөмкені иесіне қайтарып, «Тағы алтын береді деп ойлап қалдың ба? Бетке лақтырма бауырым көргенсіздік болады» деп ескерту жасады.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай жағдай Шымкент қаласында да қайталанған еді.