Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz.
Желі қолданушысы Тұрсынбек Қабатовты әйелі Мөлдірдің өмірі мен күнделікті тіршілігін сахнада айтып, табыс тапқанын жазған.
Бұған жауап берген Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі өзін материал ретінде пайдаланғаны үшін елден кешірім сұрауын талап еткен.
«15 жыл бойы материал қылған ғой. Мені ғана емес, елді де алдаған. Өкінішті. Өтірік әзілдері үшін билет сатып, ақша тапқаны үшін қазақ елінен кешірім сұрауы керек-ау», – деп жауап берді.