Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

«Заң алдында жауапқа тартыласыздар»: Дариға Бадықова жасанды интеллект арқылы видео жасағандарға ескерту жасады

Актриса Дариға Бадықова жасанды интеллект көмегімен видео жасайтын желі қолданушыларына үндеу жасап, заң талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Заң алдында жауапқа тартыласыздар»: Дариға Бадықова жасанды интеллект арқылы видео жасағандарға ескерту жасады
Фото: Жасанды интеллект

Бұған дейін әлеуметтік желіде Дариға Бадықова, оның қазіргі күйеуі мен бұрынғы күйеуін жасанды интеллект арқылы ән айтқызып қойған видео тараған болатын.

Актриса мұндай контентті жасағанда заң талаптарын ескеріп, заңға қайшы келетін материалдарды жарияламауды сұрады. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен бейнесін пайдаланып жасалған видеоларда өзін белгілемеуге шақырды. 

«Жасанды интеллект көмегімен видео жасағанда, заң талаптарын сақтап, заңға қайшы келетін контент жарияламауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ біздің атымызды немесе бейнемізді пайдаланып жасалған мұндай видеоларда бізді белгілемеулеріңізді өтінеміз. Жасанды интеллект – мүмкіндік, ал оны дұрыс пайдалану – жауапкершілік. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет», – деп жазды ол.

Сонымен қатар Дариға Бадықова заңға қайшы видеолар жасамауға шақырып, мұндай әрекет үшін жауапкершілік бар екенін ескертті.