Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына арналған концертке дайындық кезінде Тоқтар Серік, Әбдіжаппар Әлқожа мен Ғазизхан Шекербековтің билеген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Өнер иелерінің қимыл-қозғалысын көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сынға алды, деп хабарлайды paryz.kz.
Кейбір оқырман әншілердің биін орынсыз деп бағаласа, енді бірі сахна мәдениетіне қатысты ойын жазған.
«Тоқтар деген мүлдем ұнамайды», «Шегірткелер», «Жер тепкілегені несі?!», «Бұлар той тойлап, Сәкен қайғыда отырғанда, жер тепкілеп не көрінді? Халықтың алдында мәдениеттілік деген болу керек», «Жанды дауыста ән айтып, дауыстарыңды аранжировка жасатып, өңдемей шығыңдар», «Жараспайды, 50-ге келгенде жер тепкілеп, не абырой жинайын деп тұр екен?» деген пікірлер жазылған.
Сондай-ақ кейбір желі қолданушылары Тоқтар Серіктің биін де сынға алып, әншілердің сахнадағы әрекетіне қатысты жағымсыз пікірлер қалдырған.