Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Қазақ еліне +1 сәби»: Мөлдір Мұқан бір отбасының арманын орындауға ниетті

Мөлдір Мұқан сәби сүйгісі келетін отбасының ЭКО шығынын толық өтеп беруге ниетті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қазақ еліне +1 сәби»: Мөлдір Мұқан бір отбасының арманын орындауға ниетті
Фото: видиодан скриншот

Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті қуантқан жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі ата-ана атануды көптен бері армандап жүрген отбасыға көмектесіп, экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) бағдарламасына қажетті шығынды толықтай өз мойнына алуға дайын екенін жеткізді.

Блогердің бұл бастамасы сәби сүюді аңсап жүрген жанұяға үміт сыйламақ. Мөлдір Мұқан осылайша бір отбасының көптен күткен арманының орындалуына үлес қосуды көздеп отыр.

«Қазақ еліне +1 сәби» деп аталған игі бастама ата-ана болуды армандаған жандарға қолдау көрсетіп, отбасына бала күлкісін сыйлауға бағытталған.