Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«20 жыл бұрын 40-50 көрерменнен бастадық»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың өнердегі жолы туралы айтты (ВИДЕО)

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың өнер жолындағы алғашқы жылдарын еске алып, қазіргі жетістіктеріне шүкіршілік етті. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

«20 жыл бұрын 40-50 көрерменнен бастадық»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың өнердегі жолы туралы айтты (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желіден

Продюсердің айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын әншінің концерттеріне небәрі 40-50 көрермен жиналған. Ал қазір Қайрат Нұртас әр қалада мыңдаған жанкүйерінің алдында өнер көрсетіп жүр.

«20 жыл бұрын міне осылай 40-50 көрерменнен бастағанымыз, көпшіліктің есінде шығар. Аллаға сансыз шүкірлер, қазіргі таңда, шет елден келген әншілер жинай алмаған 40-50 мыңнан аса көрермендерімізге күнара, әр қалада концерт беріп, халықтың батасын алып жатқанымызға шүкір-шүкір, шүкір Алла! Ұлыма бір Алла жар болсын!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.