Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Бақытты бол деп жазу қиын ба?»: Бағлан Әбдірайымов Мырзахан Махановты сынағандарға жауап берді

«Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Махановтың екінші рет үйленгені әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Әншінің жеке өміріне қатысты жаңалықтан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдірсе, топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов сын айтқандарға үн қатты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бақытты бол деп жазу қиын ба?»: Бағлан Әбдірайымов Мырзахан Махановты сынағандарға жауап берді
Фото: видиодан скриншот

Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасындағы жазбасында адамдарды бір-біріне жақсы тілек айтуға шақырды. 

«Адамдар, не деген жаман пікір жазатындай нашар адам боп едіңдер? Жәй ғана “Бақытты бол” деген тілек жазу қиын ба? Ой, Алла!» – деп жазды әнші. 

Ал желі қолданушыларының бір бөлігі Мырзахан Махановтың екінші рет үйленгеніне қатысты пікір білдіріп, оның жасына және отбасылық жағдайына назар аударған.

Кейбірі әншінің жаңа отбасына бақыт тілесе, енді бірі таңданысын жасырмаған.

«Қаншашыны әлі шалып ғой», «Бекболат Тілеухановқа күйеу бала болып еді ғой, 4-5 жыл бұрын. Туысының қызын алып», «Кемпір алған ба? Үлкендеу ғой. Бақытты болсын», «Бұл жігіт әлі бойдақ па еді?» деген пікірлер жазылған.