Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Анасының қазасын жасыруға мәжбүр болдық»: Жанболат Найзабеков Мадияр Серікбаев туралы айтты

«Өнер қырандары» театрының актері Мадияр Серікбаев анасының қайтыс болғанын сахнада өнер көрсетіп жүргенде естімеген. Әріптестері ауыр хабарды қойылым аяқталғанша жеткізбей, оның сахнадағы жұмысын жалғастыруына мүмкіндік берген. Бұл туралы актер Жанболат Найзабеков Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Анасының қазасын жасыруға мәжбүр болдық»: Жанболат Найзабеков Мадияр Серікбаев туралы айтты
Фото: видиодан скриншот

Жанболат Найзабековтің айтуынша, қайғылы оқиға актердің сахнада анасына арнап кешірім сұрайтын баланың рөлін сомдап жатқан кезінде болған. Ол қойылым барысында «Анашым, кешірші» деген сөздерді айтқан. Дәл сол уақытта Жанболат Найзабековтің телефонына Мадияр Серікбаевтың әпкесі хабарласып, анасының қайтыс болғанын жеткізген.

«Мадияр анасының қабірінің басына келіп тұрған баланы ойнап жатыр. “Анашым, кешірші” деп. Осы кезде менің телефоным шырылдады. Мәкеңе әпкесі қоңырау шалып, “мамадан айырылып қалдық” деді. Біз оған екі сеанс бойы ештеңе айтпадық. Кешкі сағат ондар шамасында концерт аяқталды. Содан кейін Мәкең гримеркаға келіп, бетін сүртіп отырды. Ол мұндай жаңалықты күтпеген еді», – деді актер.

Оның сөзінше, Мадияр Серікбаевтың анасы ұзақ уақыт бойы ауырған. Өмірінің соңғы кезеңінде өздігінен жүре алмай қалған. Қаралы хабардан «Өнер қырандары» театрының алты актері хабардар болған. Алайда олар әріптесіне бірден айтуға батпаған.

Актерлер анасының қайтыс болғанын естісе, Мадиярдың сахнада өнер көрсетуін жалғастыра алмайтынын түсінген. Сондықтан олар көрермен алдындағы қойылымның аяқталуын күтіп, ауыр хабарды уақытша іштерінде сақтауға мәжбүр болған. 

Жанболат Найзабековтің айтуынша, бұл шешім әріптестері үшін де оңай болмаған.