Актер Дархан Мұсаев екінші рет үйленгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын оқырмандарымен бөлісіп, бүгін некеге отырғанын жеткізді.
«Достар, мен сіздермен жаңалығыммен бөліссем деп отырмын. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бүгін біз некеге отырдық. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сүйінші! Барлықтарыңызға Алла жар болсын», – деді Дархан Мұсаев.