Актер, Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев соңғы бір жылда өмірінде болған өзгерістер туралы айтып, алдағы армандарымен бөлісті. Өнер иесі жаңа фильм түсіргенін және шаңырақ көтергенін жеткізді, деп хабарлайды paryz.kz.
Актер әлеуметтік желідегі парақшасында осыдан бір жыл бұрын айтылған тілектерінің біртіндеп орындалып жатқанын жазды.
Оның айтуынша, түсірілім жұмыстары аяқталған фильмін енді еліміздің кинотеатрларында көрерменге ұсынуға дайындалып жатыр.
Сондай-ақ Дархан Мұсаев жеке өмірінде де үлкен өзгеріс болғанын атап өтті. Ол шаңырақ көтергенін айтып, ендігі арманы — сәби сүйіп, әке атану екенін жеткізді.
«Осыдан тура бір жыл бұрын Нұрсейіт Жылқышыбай бауырым бір тілек айтып еді. Шүкір, уақыт өте келе сол тілектердің біртіндеп орындалып жатқанын көріп жүрміз. Кино түсірдік, монтаж жұмыстары толық аяқталды. Енді фильмімізді еліміздің барлық кинотеатрларында үлкен экранға шығару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Аллаға шүкір, шаңырақ көтердім. Ендігі арманымыз — нәрестелі болып, сәбидің тәтті күлкісін есту. Сол күнге де амандықпен жетсек, тіпті керемет болар еді. Кейде бір жыл бұрынғы армандарыңа бүгінгі күніңнен қарап, Аллаға шүкір айтасың. Әлі де орындалмаған талай тілек бар. Бәрі де өз уақытымен, қайырлысымен болсын!» — деп жазды актер.