Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты

Белгілі актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің жасы ұлғайған шағында дүниеге келгенін және отбасындағы тағдыры туралы айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, әкесі алғашқы жұбайынан айырылғаннан кейін анасына үйленген. Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты
Фото: видиодан скриншот

Актердің айтуынша, әкесі алғашқы әйелінен он шақты баланың дүниеге келуін күткен. Алайда ол кезде медицинаның мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, балалардың көбі шетінеп кеткен.

Алғашқы әйелі қайтыс болғаннан кейін бір жыл өткен соң әкесі Қуандық Қыстықбаевтың анасымен шаңырақ көтерген. 

Ол кезде анасы небәрі 16 жаста болған. Екінші некесінде де әкесі он шақты баланың әкесі атанған.

«Әкемнің 78 жасында дүниеге келгем. Менің анам – екінші әйелі. Бірінші әйеліне он шақты құрсақ көтерткен. Ол кезде медицина нашар, балалар шетіней берген. Бірінші әйелі қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң менің шешемді 16 жасынан алған. Менің анама да он шақты құрсақ көтерткен. Әкем 88 жасында, мен 10 жасымда қайтыс болды. Әкем мен анамның арасы 16 жас», – дейді актер.