Айгүл Иманбаева құрбысы Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі айна-қатесіз орындалғанын айтты. Актрисаның сөзінше, сол кезде Баян оның тұрмысқа шығатынын, болашақ жары Қазақстанда тұрмайтынын түсінде көрген, деп хабарлайды paryz.kz.
Айгүл Иманбаеваның айтуынша, осыдан бес жыл бұрын Баян Алагөзова оған таңертең телефон шалып, түсінде көрген оқиғасын айтып берген.
«Осыдан бес жыл бұрын құрбым Баян таңертең хабарласып: "Сені түсімде көрдім. Күйеуге шығасың, бірақ ол Қазақстанда тұрмайды", – деді.
Мен оған "Ой, аузыңа май" деп жауап бергенім есімде. Қазір ойлап қарасам, сол түсі дәл келген екен. Ал мен бүгін Ақтаудамын. Құрбымның қуанышына ортақтасуға келдім», – деп жазды актриса.