Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында әйел мен ер адамның қарым-қатынасы, сезімі туралы ой бөлісті. Өнер иесінің жазбалары желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші ер адамның көпшілікке ұнауы мен бір әйелдің жүрегінен орын алуы екі түрлі мәртебе екенін атап өткен.

«Еркек көп әйелге ұнауы мүмкін, бірақ бір әйелдің жүрегінен орын алуы – басқа мәртебе», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

Сондай-ақ өнер иесі тағы бір жазбасында әйелді ақшаға толы чемоданға теңеген.

«Әйел деген – ақшаға толы чемодан сияқты: ұстап жүрейін десең, ауыр, тастап кетейін десең, қимайсың», – деген әнші.