Қуат Хамитов Алматыда өткен «Қазақ аруы – 2026» байқауына қатысты пікір білдіріп, оның атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды paryz.kz.
Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында байқаудың атауы бүкіл қазақ халқына қатысты екенін айтып, оның мазмұны мен қатысушыларына көңілі толмайтынын жеткізген.
«Бұл байқауды “Қазақ аруы” емес, “Баян аруы” деп өзгерту керек! “Қазақ” деген сөзді айтқанда, бұл бүкіл ұлтқа, бәрімізге қатысты болады», – деп жазды Қуат Хамитов.
Сонымен қатар ол қазақ қыздарының арасында көркімен де, тәрбиесімен де ерекшеленетін, мұндай байқауға лайықты бойжеткендер көп екенін атап өтті. Спортшы қатысушылардың байқауға келудегі мақсатына қатысты да өз ойын білдірді.
«Біздің ұлтымызда әдемі, лайықты қыздар жетерлік. Ал бұлар назар жетіспегендіктен жүргендер. Олардың бұл байқауға не үшін қатысатынын бәріміз жақсы білеміз», – деді ол.