Олжас Абай Дариға Бадықоваға үйлену туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, той алдында екеуінің арасында түсініспеушілік болған. Алайда сол сәтте ол өткенге өкініп, мұңайып отырудың орнына, өмірін жалғастыру керегін түсінген, деп хабарлайды paryz.kz.
«Той болардың алдында ұрысып қалдық. Қой дедім, енді неде болса да талай аттан құлағанбыз, әрі қарай да кете бересің ғой. Баяғы замандағыдай көрпе жамылып, аспанға қарап жататын уақыт жоқ. Қайғырып, мұңайып жататын уақыт жоқ. «Айналайын, жаттығуымды істейін, тірлігіме кірісейін» дедім. Аллаға шүкір, қазір жағдай да бар, бәрі жақсы. Құдайға тәубе, көлігім де бар. Халықтың қошеметі бар, атақ-абыройың бар. Әдемі тірлігіңді істеп кете берсең болады негізі», – деді ол.
Әншінің айтуынша, сол кезде айналасындағы дүниенің бәрі қызықсыз болып көрінген. Осы жағдай оның болашақ жарына деген сезімін түсінуіне себеп болған.
«Ештеңе орнынан қозғалмай қалды ғой. Адам да, ғалам да қызық емес болып қалды. Сол кезде «менің адамым ба?» дегенді түсінген шығармын. Сол кезде сигнал келді. «Қой, онда шешіп, той қылайық» дедім», – деді Олжас Абай Аман Тасығанға берген сұхбатында.