Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды

Актер Олжас Абай біреудің әйелін тартып алды деген көпшіліктің сынына жауап берді. Өнер иесі Дариға Бадықовамен қарым-қатынасына қатысты айтылып жүрген пікірлерге түсініктеме беріп, мұндай айыптаулармен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.

Олжас Абайдың сөзінше, Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынас ешкімнің отбасына қол сұғу арқылы басталмаған. Актер болған жағдайдың барлығы өз ретімен өрбігенін атап өтті.

«Біреудің әйелін тартып алды деген – дұрыс емес ұғым. Расымен де, ондайдан Құдай сақтасын. Біреудің әйелін тартып алсам, айтатын еді ғой: “Тартып алдың” деп. Болмаса, өзім де “тартып алдым” деп айтар едім. Мүлдем олай емес. Мұның барлығы өз ретімен болған жағдай», – деді Олжас Абай.