Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Ақшаң көп болса да денсаулыққа зиян»: Жазира Байырбекова тосын жазба жариялады

Әнші Жазира Байырбекова банктегі қаражат жойылады деген ақпаратты естіп, мұндай жағдайда халықтың несиесі де кешіріле ме деген сауал қойды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ақшаң көп болса да денсаулыққа зиян»: Жазира Байырбекова тосын жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

«Осы айда банктегі ақшалар жойылады дей ме?! Сонда халықтың кредиттері де жойылып кете ме, кім біледі? Хорошо, что бүкіл ақшаны ансамбльдеріне, жаңа театрға салып тастадым», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Сонымен қатар әнші ақшаның көп болуы да адамға алаңдаушылық әкелетінін жеткізді. Оның айтуынша, қаржысы мол адам ақшасын уайымдап жүруі мүмкін.

«Ақшаң көп болса да денсаулыққа зиян ғой, ақшаны уайымдап жүресің. Шүкір осы жүрісімізге», – деп жазды өнер иесі.