Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Қант, алма, құрт деп ән айтатынмын»: Дариға Бадықова балалық шағындағы қиындықтарын еске алды

Дариға Бадықова Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бала кезінде үйінде қант пен басқа да азық-түлік болмаған кездер болғанын айтты. Алайда ол мұны қалыпты жағдай деп қабылдамай, қажетті дүниелерді өз күшімен табуға тырысқан, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қант, алма, құрт деп ән айтатынмын»: Дариға Бадықова балалық шағындағы қиындықтарын еске алды
Фото: видиодан скриншот

Сол кезде кішкентай Дариға түскі уақытта ауыл көшелерін аралап, ән айтатын болған. Әнінде қант, алма, құрт сұрап, тұрғындардың қолындағы азық-түлікті жинап, үйіне алып келген.

«Түсте әрбір көшеге шығып, ән айтатынмын. "Қант, алма, құрт" деп ән айтсам, әркім қолындағысын беретін. Оларды жинап, үйге алып келетінмін. Інім мен әпкемнің жегеніне мәз болатынмын. Солар жесе екен, солар ішсе екен деп ойлайтынмын», – деді актриса.

Өнер иесі түскі уақытта жұрттың бәрі ұйықтағанда төрт-бес көшені аралап шығатынын жеткізді. Сондай-ақ ол өзін жақсы көріп, қолдау көрсеткен ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

«Туған ауылыма ризамын», – деді Дариға Бадықова.