Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Шіркін, қасымызда болғанда ғой...»: Мархабат Беспаева марқұм Арман Дүйсеновті еске алды

Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат Беспаева әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм Арман Дүйсеновті еске алып, жүрекжарды жазба жариялады,деп хабарлайды paryz.kz.

«Шіркін, қасымызда болғанда ғой...»: Мархабат Беспаева марқұм Арман Дүйсеновті еске алды
Фото: видиодан скриншот

Оның айтуынша, кеше отбасында болған қуанышты сәтте марқұм досын ерекше сағынышпен еске алған. Мархабат Беспаева уақыт өтсе де, кей адамдардың орны толмайтынын атап өтті.

«Осындай күндерде "шіркін, қасымызда болғанда ғой..." деген ой жүректі сыздатады. Бірге өткізген күндер, шынайы достық пен жарқын естеліктер ешқашан ұмытылмайды. Айсулудың бүгінгі қуанышына біз шын жүректен қуандық! Сағынышпен еске аламыз. Жаныңыз жәннатта болсын!» – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол қуанышты күнде марқұмның қасында болмағанына өкініш білдіріп, оны сағынышпен еске алатынын жеткізді