Әнші Нұрболат Абдуллиннің жаңа видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі бишілермен бірге билеп, өзінің хореографиялық шеберлігін көрсетті. Желі қолданушылары оның өнеріне тәнті болып, дене бітіміне де ерекше назар аударған, деп жазады paryz.kz.
Әнші жуырда тыңдармандарына жаңа әнін ұсынатынын мәлімдеген. Осы жаңалығымен бөлісе отырып, ол қысқа видео жариялады.
Кадрлардан Нұрболат Абдуллиннің биші жігіттермен бір ырғақта қимылдап, би өнеріндегі қабілетін байқатқанын көруге болады. Жарияланым көпшіліктің көңілінен шыққан.
Оқырмандар әншінің биіне, харизмасына және спорттық бабына жоғары баға берді. Олардың қатарында Гүлнұр Оразымбетова, Ғалия Байбосынова, Әбдіжаппар Әлқожа секілді өнер өкілдері де бар. Желі қолданушылары пікірлерінде әншінің өнеріне сүйсініп, жаңа әнін асыға күтетінін жазған.
«Көзқарасы – от», «Керемет», «Үнді актеріне ұқсап кетті», «Өзіңіз бір отсыз ғой», «Хит болғалы тұр», «Не деген би» деген сынды пікірлер қалдырған.