Әнші Мейрамбек Бесбаев 50 жас мерейтойында домбырасының 15 миллион теңгеге сатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесінің сөзінше, достары домбыраны сатып, ақша табуды емес, ұлттық аспаптың қадірін арттырып, мерейтойды есте қаларлықтай өткізуді көздеген.
«Жігіттер домбыраның қадірін көтергісі келді. Әйтпесе, сол ақшадан ақша алады дейсіңдер ме? Немесе домбыраны сатып, ақшасына мейрамхананың шығынын жабады дейсіңдер ме? Ондай жоқ. Тек қызық болсын, есте қалсын деп, домбыраның қадірін көтергісі келді», – деді әнші.
Сонымен қатар Мейрамбек Бесбаев келіні Айжанның қымбат телефоннан бас тартып, қазақтың ұлы тұлғаларының қолтаңбасы қойылған домбыраны таңдағанын айтты.
«Келініміз Айжан: “Маған айфон керек емес, ұлылардың қолы қойылған домбыра керек” деп, оның қадірін одан сайын көтерді», – деді өнер иесі.