Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Аман-есен шаңыраққа оралды»: Нұрлан Албан елден сүйінші сұрады

Әнші Нұрлан Албан отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісіп, елден сүйінші сұрады. Өнер иесінің ұлы Отан алдындағы әскери борышын өтеп, үйіне аман-есен оралды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Аман-есен шаңыраққа оралды»: Нұрлан Албан елден сүйінші сұрады
Фото: видиодан скриншот

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол ұлының әскерден оралғанына қуанып, ізгі тілегін де жеткізді.

«Сүйінші! Балам Отан алдында әскери борышын өтеп, аман-есен шаңыраққа оралды. Әскерде жүрген әр сарбаздың аман-сау отбасына оралуын шын ниетіммен тілеймін!» – деп жазды Нұрлан Албан.