Сәкен Майғазиев «Музарт» тобының бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаевтың мерейтойына орай әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі досын 50 жасқа толуымен құттықтап, араларындағы сыйластық пен достықтың әлі де берік екенін жеткізді. Сондай-ақ ол өздері туралы айтылатын түрлі әңгімелердің достықтарына әсер ете алмайтынын атап өтті.
«Ақ Мәкем, біз туралы өсек-аяң көп. Ол біздің берік достығымызға кедергі емес. Қуанышымызда да, қиындығымызда да бір-біріміздің қасымыздан табыла білетініміз бірінші Аллаға, сосын бізге аян. Сызат түспеген сыйластығымыз тағы елу жылға жалғассын! 50 жасың құтты болсын, досым! Отбасыңа амандық, шығармашылығыңа шабыт тілеймін. Құшақтадым!» – деп жазды әнші.