Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Абай Бегей құдалықта әйелімен бірге төсекте аунап, жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)

Жуырда келін түсірген әнші Абай Бегей құдалық жасады. Шымкент өңірімен құда болған ол, оңтүстіктің салт-дәстүрін көріп көріп таңқалған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Абай Бегей құдалықта әйелімен бірге төсекте аунап, жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Құдалықта келіннің төркіні жасау алып келіп, жүк көрсетті. Абай Бегей мен әйелі келіннің артынан келген көрпеге жатып, аунап, ырымын жасады. Әншінің өзі де “Мұндай да бар екен ғой” деп таңғалды.

Құдалық, жүк көрсету. Басқа қаладан қыз алғанның өз қызықтары бар екен, Маңғыстауда жоқ салттарды көріп қызықтап жүрміз. Барынша екі жаққа ортақ қылып жасадық. Төрт күн қатарынан көріп, құдалармен туысқандығымызға бүгін мөр қойылып жатыр. Шымкент Алматы арасында алтын көпір салынды, тек осындай жақсы күндерде жолығайық. Құда-құдағиымызға риза болдық, неше күннен бері түрлі сый-сияпат, гауһар тас, шапандарын жаудырып жатыр. Жастар бақытты болсын, - деп жазды әншінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әншінің әйелімен бірге көпшіліктің көзінше төсекте аунағанын көрген желі қолданушылары сынай жөнелді.  

Шымкенттің осы дәстүрі бір түрлі”, “Жастардың төсегіне бөтен адам жатуға болмайды”, “Осы тіпті ұят”, “Ерсі көрінеді”, “Бұл қайдан шыққан ырым”, “Осы енді дұрыс емес- ау, - деп жазды желідегілер.