Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты

Астанада мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сот блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты әкімшілік істі қарады. Іс оның жұбайы Эльмира Төлегеновамен болған отбасылық жанжалға байланысты қозғалған. Сотта тараптар татуласқан, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты
Фото: Инстаграм

Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылғы 30 қыркүйекте болған. Үйде Жанабылов жанжал шығарып, жұбайының қолынан ұстаған. Оның әрекеті Құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық ретінде сараланған. Оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбамен де расталған.

1 қазанда өткен жабық сот отырысында блогер кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Сондай-ақ жұбайымен татуласуға ниетті екенін білдіріп, сотқа татуласу туралы жазбаша келісім ұсынған.

Эльмира Төлегенова сотта ұрып-соғу болмағанын, ерлі-зайыптылар арасында сөзге келіспеушілік болғанын айтты. Ол татуласу туралы келісімге ешқандай қысымсыз, өз еркімен қол қойғанын растады.

Сот Жанабыловтың құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, кінәсін мойындап, өкінгенін ескерді. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

ҚР ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова жүрекжарды жазбасын жариялады «Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова жүрекжарды жазбасын жариялады «Торттың кесірінен ажырасуға дейін барады»: Жанар Айжанова тойдағы дәстүрге қарсы шықты «Торттың кесірінен ажырасуға дейін барады»: Жанар Айжанова тойдағы дәстүрге қарсы шықты «Халықтың тілеуі қабыл болды»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойын дүркіретіп өткізді «Халықтың тілеуі қабыл болды»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойын дүркіретіп өткізді «Біреуді қаралаумен, мысқылымен өсекке тоймады-ау»: Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл сынықшы туралы айтты «Біреуді қаралаумен, мысқылымен өсекке тоймады-ау»: Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл сынықшы туралы айтты «Күлгендердің басына еселеп келсін»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың концертіне қатысты жағымсыз пікірлерге жауап берді «Күлгендердің басына еселеп келсін»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың концертіне қатысты жағымсыз пікірлерге жауап берді «Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты «Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты Концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте обернулся давкой: Freedom Афиша выступила с заявлением Концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте обернулся давкой: Freedom Афиша выступила с заявлением «Сырттан ешкім араласпады»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты «Сырттан ешкім араласпады»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты «Ақшаңды бер, айналайын»: Бағлан Әбдірайымов тегін ән айтуға шақыратындарға жауап берді «Ақшаңды бер, айналайын»: Бағлан Әбдірайымов тегін ән айтуға шақыратындарға жауап берді