Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

«Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады

Танымал тележүргізуші әрі журналист Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасап, 14 жасқа дейінгі балаларға қымбат смартфон алып бермеуге шақырды. Оның пікірінше, шексіз интернет пен бақылаусыз контент баланың дамуына кері әсер етуі мүмкін.

«Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады
Фото: Инстаграм/Дина Төлепберген

Журналист әлеуметтік желідегі видеоүндеуінде ұлдарының қарапайым батырмалы телефон қолданатынын көрсетіп, ата-аналарды балалардың шынайы балалық шағын сақтауға үндеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Дина Төлепберген 14 жасқа дейінгі балаларға смартфон бермей, байланыс үшін батырмалы телефонмен шектелуді ұсынды. Ол бақылаусыз интернет пен әлеуметтік желілердегі контент баланың психологиясы мен танымдық қабілетіне кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен қатар журналист ата-аналарды баласына қымбат гаджет алып беру үшін қарызға немесе несиеге батпауға шақырды.

Оның айтуынша, баланың уақыты виртуалды әлемге емес, отбасымен бірге өткізетін шынайы әрі жарқын сәттерге толы болғаны маңызды.

Тележүргізушінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Аудиторияның бір бөлігі смартфон қолдануға шектеу қою туралы ұсынысты қолдаса, енді бірі қазіргі заманда смартфонсыз оқу мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қиын екенін алға тартып отыр.

«Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті