Прямая трансляция

Астана

Астана

31.36°C

«Репертуарында авторлық әндер аз»: Димаш Құдайберген ауыр сынға жауап берді

Димаш Құдайберген Aqerke әніне түсірілген жаңа бейнебаянына қатысты ел арасындағы пікірлерге өз жауабын берді, деп хабарлайды paryz.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап.

«Репертуарында авторлық әндер аз»: Димаш Құдайберген ауыр сынға жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

Туынды әншінің жанкүйерлері тарапынан жоғары бағаланып, кеңінен қолдау тапты. Десе де, әлеуметтік желілерде кейбір отандастарымыз:

«Димаш негізінен опера мен классикалық туындыларды орындайды» және «Оның репертуарында авторлық әндер аз» деген пікірлер білдірген еді.

Осыған байланысты әртіс арнайы бейнеүндеу жариялап, өз шығармашылығы төңірегінде ой бөлісті.

Күні кеше жарық көрген Aqerke әніне түсірілген соңғы бейнебаянымның астына қалдырған барлықтарыңыздың пікірлеріңізді толыққанды мұқият оқып шықтым. Қолдауларыңызға да, шын жүректен айтылып жатқан сыни пікірлеріңізге де мың мәрте рақмет! Ол өз репертуарындағы туындылардың басым бөлігі авторлық әндер мен өзі продюсерлік еткен шығармалар екенін атап өтті. Сондай-ақ «Aqerke» халық әнін өзгерткісі келгендіктен емес, оны жаңаша өңдеп, әлемдік деңгейдегі тыңдармандарға таныстыру мақсатында шырқағанын түсіндірді. «Бұл таспаны бірнәрсені дәлелдегім келгендіктен емес, жерлестеріме шығармашылығымды түсіндіргім келгендіктен жазып отырмын», — деді Димаш Құдайберген.