Прямая трансляция

Астана

Астана

24.42°C

«Бір сәбидің жүрек соғысы тоқтап қалды»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды

Танымал әнші Ерке Есмахан кенже ұлы Батырдың бір жасқа толуына орай көпшілікке белгісіз болған оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бір сәбидің жүрек соғысы тоқтап қалды»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, үлкен ұлы Ислам дүниеге келгеннен кейін арада 10 ай өткенде қайтадан аяғы ауыр екенін білген. Алғашқы ультрадыбыстық тексеру кезінде дәрігерлер оның егіз бала күтіп жүргенін айтқан.

Алайда алғашқы скрининг кезінде егіздердің бірінің жүрек соғысы тоқтап қалғаны белгілі болған. Дәрігерлер екінші сәбидің дамуы қалыпты екенін жеткізген. 

«Бірінші скринингте егіздің бірінің жүрек қағысы жоқ екенін айтты. Ал Батыр жақсы дамып жатты. Кейінгі тексерулерде де бәрі қалыпты болды», – деді әнші. Ерке Есмахан жүктіліктің жеңіл өткенін атап өтті.

Оның сөзінше, тоғыз ай бойы өзін жақсы сезініп, ешқандай қиындық көрмеген. Бүгінде Батыр бір жасқа толып, ата-анасының қуанышына айналып отыр. Әнші ұлының дені сау өсіп келе жатқаны үшін Аллаға шүкіршілік ететінін жеткізді.