Прямая трансляция

Астана

Астана

29.53°C

«Әйелі, баласы бар»: Димаш Құдайберген өзіне қатысты алып-қашпа әңгімеге жауап берді

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды paryz.kz.

«Әйелі, баласы бар»: Димаш Құдайберген өзіне қатысты алып-қашпа әңгімеге жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші әріптесі Расул Усмановпен бірге Instagram желісінде тікелей эфир өткізіп, оқырман сұрағына жауап берді. Көрерменнің бірі әншіден қызына қандай ат қойғанын сұраған. Димаш Құдайберген бұған таңданысын жасырмады. Сонымен қатар әлі үйленбегенін атап өтті.

«Неге екенін білмеймін. Адамдар менің отбасым, балаларым бар деп ойлайды. Тіпті бірнеше әйелім бар дейтіндер де кездеседі. Күні бойы студияда жұмыс істеймін, концерттерде өнер көрсетіп жүрмін. Қазір де студиядамыз. Әзірге үйленген жоқпын», - деді әнші.