Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Көз тиді ме, сөз тиді ме»: Қыдырәлі Болманов шұғыл ауруханаға түсті

Танымал әнші Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлінің ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Көз тиді ме, сөз тиді ме»: Қыдырәлі Болманов шұғыл ауруханаға түсті
Фото: әлеуметтік желіден

Айтуынша, Қыдырәлі Болманов аяқасты өзін жайсыз сезінген.

"Кім ойлаған бұлай боларын? Не болды деп алаңдап, хабарласып жатқан тілеулестерім, рақмет! Білесіздер, 20-мамыр күні яғни бір күннен кейін Астанада концертіміз. Соның шаруаларымен шақыру бар, басқа да сұрақтармен кеше үйде отырғанбыз. АЯҚ АСТЫ Қыдыркең өзін жайсыз сезініп, тынысы тарылғандай болып, қатты мазасы қашты. Бұрын олай ауырғанын көрмеп ем, қорқып кеттім. Дәрігерге жедел келдік. Мамандардың көмегімен шүкір бүгін жағдайы тұрақталып, беті бері қарады. Алайда, Қыдырға кем дегенде әлі 15 күн ем қабылдау керектігін, сахнаға шығуға болмайтынын түсіндірді… Тура осы тұста, “мәссаған”, “концерт ше” деп не ойлап, не қоярымды білмей отырған күйі әлі отырмын!… Құрметті ән сүйер қауым! Сәуірден басталған ән сапар бізге оңай болған жоқ! 12 000 км жол жүріппіз. Халықтың ыстық қошеметі мен ықыласы өзі көтеріп алып отырғанға тарта беріппіз. Енді бастаған істің нүктесін қояйын десек, "Соңғы түйенің жүгі ауыр" болып қырсығып қалғаны. Қыдекеме көз тиді ме, сөз тиді ме? Әйтеуір айналдырып кетті... Қайыры. Сол себепті 18 мамырға жоспарланған концертімізді 18 маусымға ауыстыру жөнінде шұғыл шешім қабылдап отырмыз. Түсіністік танытасыздар деген сенімдеміз", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары алаңдаушылық танытып, әншінің тезірек жазылуын тіледі.

"Шипасын берсін!, "Тез сауығып кетіңіз!", "Алла шипасын берсін", "Құлан таза айығып кетіңіз", - деп жазды оқырмандар.

«Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті