Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын әлеуметтік желіде отбасылық өміріне қатысты ойын бөлісіп, көпшіліктің талқысына түсті. Ол сұхбаттарының бірінде күйеуінің мінезі, әсіресе қызғаныш мәселесі жайлы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды paryz.kz.
Толқынның айтуынша, өнер адамының жары болу оңай емес.
Себебі сахнада жүрген адам әрдайым көпшіліктің назарында болады. Осыған байланысты тұрмыста түрлі түсінбеушіліктер де туындап тұрады. Ол күйеуінің қызғанышы кейде шектен шығып кететінін жасырмады.
«Қызғаныштың да өз орны, өз шегі болуы керек. Кейде түсіністік танытқан дұрыс», – деді ол өз сөзінде.
Алайда желі қолданушылары Толқынның әңгімесін түрліше қабылдады. Кейбір тыңдармандар оның баяу әрі созбалап сөйлеуіне наразы болды.