Танымал әнші Ерке Есмаханның ағасы, танымал теолог Бауыржан Есмахан қарындасы мен күйеу баоасының жасырын түрде жасаған жақсылығын әшкере етті, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
"Оң қолың бергенді сол қолың білмесін дейді. Бізге әрқашан көмектесіп, артынан ешкім білмесін деп хабарласады. Райм мен Ерке біздің негізгі демеушілеріміз", - деді ол.
Ал Ерке Есмахан бұл жайтты өз парақшасында бөлісті.
"Бірде түнге қарай, біз ұйқыға дайындалып жатқанда, домофон шырылдады. Күйеуім үйде жоқ еді. Көмекшілерім есікті аша, ағам Бауыржан… Қорқып кеттім. Түнгі қоңыраулар, үйге келу жайдан-жай емес қой. Бәрі жақсы болса екен дедім. Бауыржанның қолында – гүл. Шәй қойып. Сөйтіп екеуміз шәй іштік. Шәй үстінде Айнұр Асанбердімен өткен подкасттан келе жатқанын айтты. Ол түсірілім жайында мен білмеппін. Ағам: “Подкастта Раим екеуің туралы айттым. Ертең шыққанда ренжіп қалмасын деп, ескертуге келдім” – деді. Сол подкаст шығыпты. Көбі көріп қойған сияқты. Көрмегендер болса, тыңдап қойыңыздар! Осылай құпия әрекетіміз жария боп кеткені үшін Бауыржан ағам маған гүл әкеліп, Күйеу баласын ескерткісі келген әрекеті екен. Жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытын жүрген Ағама Алла разы болсын! Ойдан құралатын өсектер оқымай, ағамның парақшасына жазылып, ғибратты әңгіме тыңдап, рухани байып жүріңіздер. Бауырларыңыз сіздің де жақсылықтарыңызбен мақтанып отыратын күн көп болсын", - деп жазды ол.