Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Нашар адам»: Ақбота Керімбекова Жанар Айжановаға ренжіп қалды

Әнші Ақбота Керімбекова туған күніне қатысты қызықтарын желіге жариялап, оқырмандарын күлдіртті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Нашар адам»: Ақбота Керімбекова Жанар Айжановаға ренжіп қалды
Фото: әлеуметтік желіден

Ол өнердегі әріптесі Жанар Айжановамен түскен видео жариялады. Кадрлардан Керімбекованың Айжановаға ренжіп отырғаны байқалады.

“Мыналар менің туған күнімді мүлде естен шығарған. Осыларды қалай әріптес дейміз? Біреуі де құттықтамады. Негізі нашар адамдар”, – деп әзіл аралас өкпесін білдірді Ақбота Керімбекова.

Алайда видеоны соңына дейін көргенде Жанар Айжанованың оны туған күнімен құттықтап, 20 мың теңге сыйлық ұсынғаны көрінеді. 

“Еркелесек еркелігімізді, қалжыңдасақ қалжыңымызды көтеретін Жанардай әпке кімде бар? Әрине, бізде ғана! Сахнаға шығатын кезегіміз келгенше көптен кездеспеген әріптестермен қауышып, бір жасап қалдық. Зілі жоқ әзілімізбен сіздермен де бөлісіп қояйық”, – деп жазған ол.