Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Шоу-бизнес бүгін, 12.11.2025 10:14 Обновлять, 15.11.2025 23:15

«Не деген мақтаныш»: Димаштың әкесі Қанат Айтбаевтың әрекеті талқыға түсті

Димаштың әкесі Лондонда ұлына мыңдаған адам қосылып ән айтқан сәтті видеоға түсіріп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz

«Не деген мақтаныш»: Димаштың әкесі Қанат Айтбаевтың әрекеті талқыға түсті
фото: әлеуметтік желіден

Лондонда өткен Димаш Құдайбергеннің концерті барысында ерекше бір жайт байқалды. Әншінің әкесі – Қанат Құдайбергенұлы Айтбаев ұлының өнер көрсетіп жатқанын мақтанышпен түсіріп тұр.

Жүздеген дауыстың бірге шырқалғаны, шынайы эмоциялар мен шаттыққа толы қошемет – бәрі де ол үшін әнші не композитор ретіндегі кадр емес, баласына деген әкелік мақтаныш сәті болды. Жанкүйерлерді толқытқан да осы көрініс. Адам қаншалықты танымал, үлкен тұлғаға айналса да, ата-анасы үшін ол әрдайым — сүйікті ұл, қуаныш сыйлайтын бала, мақтаныш пен өмір нұры болып қала береді. 

"Әкелердің барлығы неге осындай чехол тағады", "Лондон қазақша сөйлеп кетті, не деген мақтаныш", "Осыдан артық қандай бақыт керек", "Әкесі түгіл мен мақтанып отырмын ғой мында", "Қанат аға, Димаштай баланы өсірген сізге рақмет", "Әке мақтанышы, ұлт мақтанышы", "Әлемді қазақша сөйлеткен Димаш", - деп жазды желі қолданушылары.