Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Бұл тек бастамасы ғана»: Әнші Әміре желіде сүйінші хабарымен бөлісті

Танымал әнші Әміре әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бұл тек бастамасы ғана»: Әнші Әміре желіде сүйінші хабарымен бөлісті
фото: әлеуметтік желіден

Ол Республика күні қарсаңында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды. Марапатты ҚР Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева табыстаған.

"Ұлдарыңыз - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанды. Осы күнге дейін маған сенім отын сөндірмеген Еліме алғысымды айқтым келеді. Мен өз тарапымнан әрі қарай кәсіби өнер жолында өзімнің және Елімнің атын әлі талай шарықтатамын деген ниеттемін. Алдағы уақытта әлемдік өнер жолына табан басып, әрі қарай еңбек ету үшін көптеген қолдау қажет. Осы жолда мені әрдайым демеп, еңбекті елеп, қолдаған Мәдениет министрлігіне рахмет. Әке-шешеме, Ұстаздарыма, Халқыма алғыс айтамын Бұл тек бастамасы ғана, алда жұмыс көп!", - деп жазды ол.