Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Бетіне балта түсті»: Ақбота Керімбекова өзін мазақ еткендерді сабағанын айтты

Әнші Ақбота Керімбекова бала кезінде буллинге ұшырағанын айтып, бетіндегі қалы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Бетіне балта түсті»: Ақбота Керімбекова өзін мазақ еткендерді сабағанын айтты
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы ол "КешREC" бағдарламасында баяндады.

"Көбі біледі ғой, бетімде қал бар. Соны бала кезімде көп мазақ ететін. Мектепте де, балабақшада да барлығы келеке еткен. "Көк көз, бетіне балта түсіп кеткен" деп түрлі сөздер айтатын. Содан кейін ішімде комплекс пайда болды. Көп көзіне түсуден қашып, көпшілік ортадан қашатынмын. Суретке де түскім келмейтін. Содан адамның емес, Алланың қалауы болып өнерде, халық алдында жүрмін. Алла мен қаламаған дүние болса да мені бұрып қазақ сахнасына әкелді", - деп ағынан жарылды әнші.

Ақбота Керімбекова өзін мазақ еткендерді соққыға жыққанын да мойындады.