Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Сіздерді сақ болуға шақырамын»: Тоқтар Серіков халыққа ескерту жасады (видео)

Әнші Тоқтар Серіков қазір алаяқтардың көбейіп кеткенін айтып, сақ болуға шақырды, – деп жазды paryz.kz.

«Сіздерді сақ болуға шақырамын»: Тоқтар Серіков халыққа ескерту жасады (видео)
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі Павлодар облысының Баянауыл ауданына концерт қоюға барған кезде видеоүндеу жасады.

«Қазір алаяқтардың көбейіп, қарапайым халықты түрлі тәсілмен алдап жатқаны алаңдатып отыр. Сондықтан ағайын, сіздерді алаяқтарға алданып қалмауға шақырамын. Әр түрлі мемлекеттік мекеменің атынан хабарласып жатыр. Бізге сіздердің құжаттарыңыз қажет немесе карта нөміріңіз қажет деп телефон шалса, сенбеңіздер. Алдымен анық-қанығын біліп, жергілікті органдарға хабарласып, жағдайды шешу керек. Алаяқтарға алданып қалмаңыздар, сіздерді әрқашан сақ болуға шақырамын», - дейді әнші.