Жанар Айжанова жақында бесінші рет әке атанған Қайрат Нұртасқа ерекше тілегін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz—ке сілтеме жасап.
Өнер иесі Қайраттың өзі де әлі бала екенін жасырмады.
"Ақ Қайрош бөпеңнің бауы берік болсын. Маған Қайраттың өзі бөпе ғой әлі. Бөпелердің бөпелері құтты болсын. Бөпелер бөпелі болып жатыр. Бөпелердің бөпелері көбейе берсін. Бақытты болсын", - деді ол.
Ал той ұйымдастырушысы:
"Қайрош, бауы берік болсын. Жулька екеуің бақытты болыңдар!", - деп қалды.
Алайда кадрда оқырмандар Қайрат Нұртас та бір мұң бар екенін байқады. Ол тіпті құттықтауларға аса қатты қуанбады да.
"40-қа келді қайдағы бөпе", "Қайрошта бір мұң бар әйтеуір", "Біз айтатын сөзді айттыңыз бөпе деп", "Қайрат мас па", "Бетсіз екен рахмет деп қояды, барып көрген де жоқ", "Жулька дей ме?", - деген пікірлерді қарша боратты.